Басты бет / География және табиғатты пайдалану / Картография және геоинформатика / Абдугалиева Гульжан Юсупхановна

Абдугалиева Гульжан Юсупхановна

Лауазымы: доцент
картография және геоинформатика кафедрасы
Scopus author ID: 57191838806
Жасырылған
       ӨМІРБАЯН Мен, Абдугалиева Гүлжан Юсупханқызы, 1967 жылы 11 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының Горное ауылында дүниеге келдім. Ұлтым - қазақ. 1974 жылы ШҚО Марқакөл ауданы Қарашілік ауылындағы Қарашілік орта мектебінің бірінші сыныбына барып, 1984 жылы осы мектепті Алтын медальмен бітірдім. 1984-1989 жылдары В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында тау-кен факультетінде "Маркшейдерлік іс" мамандығы бойынша оқыдым және аталған институтты тау-кен инженері-маркшейдер біліктілігі бойынша үздік бітірдім. 1994-1999 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша оқыдым. 2020-2022 жылдары С.Аманжолв атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігі қауіпсіздігі» мамандығы бойынша оқыдым. 1989-1992 жылдары Д.А. Қонаев атындағы Тау-кен институтының аспирантурасында оқыдым. 2006-2009 жылдары Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде докторантурада оқыдым. Еңбек қызметім туралы ақпарат: 06.1993-08.2012 жылдары Д.А. Қонаев ат. Тау-кен дела институтында «Тау жыныстарының жылжуы және кен қазбаларын қорғау» зертханасында кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі лауазымдарында жұмыс істедім. Алматы қаласы. 09.2012-08.2016 жылдар аралығында Қ.И. Сәтбаев ат. Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде «Пайдалы қазбаларды жерасты игеру» кафедрасында доцент, профессор лауазымдарында жұмыс істедім. Алматы қаласы. 09.2016-08.2022 жылдар аралығында Д.Серікбаев ат. ШҚТУ Жер туралы ғылымдар мектебінің профессоры лауазымында жұмыс істедім. Өскемен қаласы. 09.2022-08.2025 жылдар аралығында С. Аманжолов ат. ШҚУ «Экология және география» кафедрасында профессор болып жұмыс істедім. Өскемен қаласы. 09.2025 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Картография және геоинформатика» кафедрасында доцент болып жұмыс істеймін. Алматы қаласы. Отбасылық жағдайым: Ұлым - Байгундинов Мансур Ерланұлы, 04.06.2007 жылы туған, Астана медициналық университетінің студенті. Шетелдік азаматтықта ешкім болған жоқ, сонымен қатар шетелде тұратын туыстарым жоқ. Ешкім әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ.
Бірінші жоғарғы білімі
Білім беретін мекеме Квалификация Аяқталу күні
шығыс Қазақстан МУ Бакалавриат 2022
Ленин атынд.ҚазПТИ Жоғары 1989
Ғылыми дәрежесі

Ғылыми атағыңыз
Автордың құжаттары

0

Цитирования

0 по 0
құжаттар

h-индексі

0